Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Ресми сайт

Экспозициялар

Музей залдары Солтүстік Балқаш өңірінің тарихын бейнелейтін 4 тақырыптық экспозициядан тұрады.

Табиғат залы – Жердегі өмірдің даму шежіресі, Балқаш өңірінің жануарлары мен өсімдіктер бейнеленген сурет , қазба байлықтары.

Археология залы – тас, қола, ерте темір дәуірілеріндегі сирек кездесетін көне заман жәдігерлерінің түпнұсқалары : тасқа қашап салынған сурет, қыш ыдыстар, түркі қағанаты кезіндегі тас мүсіндер.

Этнография және тұрмыс залы – көшпенді қазақ халқының мемлекеттік тәуелсіздікке жетудегі тарихи жолын және олардың тұрмыс-тіршілігін бейнелейді.

Қазіргі заман тарихы залы – Солтүстік Балқаш өңірінің индустриялды игерілуінің, Балқаш қаласының дамуы және құрылысы жайлы құжатталған ақпараттар.