Ресми интернет-ресурсына қош келдіңіз
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының "Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Ресми сайт

Қалалық музейде «Заң үстемдігі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді тетігі» атты тәжірибелік мәні бар кезекті іс-шара өтті. Бұл басқосуға қалалық мәдениет және саласының қызметкерлері қатысып, құқықтық сана мен мәдениетті арттыру мәселелерін жан-жақты талқылады. Жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша тәжірибелік ұсынымдар мен жаңа бастамалар ортаға салынды. Сонымен қатар, мұндай танымдық шаралардың мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттырудағы маңызы ерекше екені де атап өтілді.